Баспасөз хабарламалары

АЭС салу жобасы бойынша стейкхолдерлер форумы

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жобаның алғашқы стейкхолдерлер форумы өтті. Форум барысында түрлі тақырыптар, соның ішінде Қазақстандағы энергетиканың қазіргі жағдайы да қамтылды

Аталған тақырыпқа арналған сессияда «KEGOC» АҚ ҰЭТ дамыту жөніндегі басқарушы директоры Алмаз Саухимов сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмысы туралы айтып берді

Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Қазақстанның 222 электр станциясында белгіленген қуат мөлшері 24 641,9 МВт құрады, 2023 жыл бойынша өсім 118,2 МВт құрады.

Отандық энергия жүйесі үшін маңызды сындардың бірі - ең алдымен электр энергиясына деген сұраныстың артуы. Себептері әртүрлі: станциялардың жылу немесе су режимдерінен және ЖЭК тұрақсыз генерациясынан бастап жабдықтың тозуына байланысты электр станцияларындағы жоспарланбаған және авариялық жөндеулерге дейін

2024-2030 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес, электр қуатының тапшылығы тек өсе бермек және 2030 жылға қарай оның көлемі 6 240 МВт болмақ (қажетті резервті ескергенде), ал электр энергиясының тапшылығы 13,5 млрд кВтсағ құрайды

Мәселен, KEGOC деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанның БЭЖ-де электр энергиясын тұтынудың өсімі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,9% құрады. Осы ретте электр энергиясын өндіру көлемі ұлғайған жоқ және өткен жылдың деңгейінде қалды деуге болады

Еліміздегі электр энергиясын тұтынудың өсу перспективаларын ескеретін болсақ, KEGOC өкілі энергожүйенің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда жаңа генерациялау көздерін салу қажеттігіне баса назар аударды. Өйткені, АЭС сияқты негізгі энергия көздерін салу - қажетті қуат мөлшерінің жетіспеушілігі мәселесін шеше алады деуге болады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс