Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ 2023 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА АКЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕР ТӨЛЕДІ

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, компания 2024 жылғы 30 мамыр күні 2023 жылғы екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша дивидендтер төледі. Төлем көлемі 21,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жай акцияға шаққанда 79,50 теңге.

Жалпы алғанда, 2023 жылы KEGOC дивидендтерге 42,1 млрд теңге немесе есепті кезеңдегі таза пайданың 97% бағыттады. Нәтижесінде акционерлердің 2023 жылғы табысы бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрады.

2023 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар компания акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 24 мамырда 00 сағат 00 минутта тіркелді.

«KEGOC» АҚ акционерлер алдындағы барлық міндеттемелерін орындайды. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер төлеу кезеңділігі -жылына 2 рет. 2023 жылы компания дивидендтік саясатты жаңартты, оған сәйкес дивидендтерді төлеуге таза пайданың кем дегенде 60% жіберіледі. Ал 2014 жылдан бастап акционерлерге төленген дивидендтердің жалпы сомасы 260 млрд теңгеден астам қаражатты құрады.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс