Баспасөз хабарламалары

KEGOC «Qazaq green fest-2024» фестиваліне қатысты

Бүгін жаңартылатын энергетика бойынша III халықаралық «Qazaq green fest-2024» фестивалі басталды. Жыл сайынғы іс-шараға мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік сарапшылардың, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысады. Қатысушылар жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша өзекті мәселелерді - ЖЭК жобаларын іске асырудың проблемалары мен күрделілігін, нарықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергетикасы объектілерінің жұмысын талқылау үшін жиналды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, ЖЭК саласының дамуы - осы саланың трансформациясына тікелей байланысты. Іс-шараның тағы бір сессиясы «Қазақстандағы энергетикалық ауысу: стратегиялық даму» тақырыбына арналды, оған «KEGOC» ҰЭТ дамыту жөніндегі Басқарушы директоры Алмаз Саухимов қатысты.

Алмаз Саухимов 2024 жылдың 1 тоқсанында ЖЭК өндіру көлемі 1 758,14 млн. кВт·сағ немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,44% -, құрағанын айтты, оның ішінде:

- ЖЭС-1257 млн. кВт·сағ;

- КЭС - 330 млн. кВт·сағ;

- СЭС-170 млн. кВт·сағ.

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов сөзінше, ҚР Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспары бойынша 11,7 ГВт болатын ЖЭК қуатын іске қосу жоспарланған. Генерация құрылымындағы ЖЭК үлесі 24,4% құрайтын болады.

Жаңартылатын энергия көздерінің қарқынды даму деңгейін назарға ала отырып, KEGOC мамандары Қазақстанның жүйе құраушы электр желілерін дамытудың 2035 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын әзірледі. Онда ҰЭТ электр желісін дамытудың перспективалық жобалары көрсетілген.

2035 жылға дейін іске асырылатын инвестициялық жобалар портфелі Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейтуді, Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ біріктіруді, Солтүстік-Оңтүстік тұрақты ток желісін салуды және басқа да бірқатар ірі жобаларды қамтиды.

Газды, маневрлік генерацияны дамытуға қосымша, «KEGOC» АҚ икемділігін арттыру мақсатында Қазақстанның БЭЖ қуаты 1 ГВт-қа дейінгі электр энергиясын жинақтаудың қосымша жүйелерімен жарақтандыру жөніндегі мүмкіндіктерді қарастыруда.

Аталған барлық іс-шаралар ЖЭК интеграциясын, электр режимдерін басқаруды және желінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс