Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС МӨЛШЕРІ 2023 ЖЫЛ БОЙЫНША 10,6% ҚҰРАДЫ

«KEGOC» АҚ қызметінің негізгі өндірістік және қаржылық нәтижелері, инвестициялық тартымдылық факторлары, сондай-ақ компанияның даму жоспарлары Астанада қаласындағы AIX халықаралық биржасының алаңында өткен KEGOC Эмитент күні барысында айтылды.

KEGOC экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева өз сөзінде 2024 жылдың I тоқсаны бойынша табыс көлемінде жоғары өсім байқалғанын атап өтті. Мәселен, негізгі қызметтен түскен кіріс көлемі 85,1 млрд теңгені құрады, яғни, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы өсім деңгейі 40% құрап отыр. Көрсеткіштердегі оң өзгерістердің негізгі факторлары - тарифтер мен көрсетілетін қызмет көлемінің өсуі, сондай-ақ бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарықтың нақты уақыт режимінде тиімді жұмыс істеуі (2023 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген).

«KEGOC тұрақты түрде акционерлер алдындағы барлық міндеттерін тиісті деңгейде орындайды. Компания жылына екі рет дивиденд төлейді. Бұдан бөлек, қолданыстағы дивидендтік саясат есепті кезеңдегі таза табыстың кемінде 60% дивидендтерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қаржы директоры.

2024 жылдың 30 мамыр күні «KEGOC» АҚ 2023 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 21,9 млрд теңгеге дивидендтер төледі, бұл бір жай акцияға шаққанда 79,50 теңгені құрады. Компания нарықта акцияны алғаш шығарған сәттен бастап, 260 млрд теңге сомасына дивидендтер төледі.

Бұл ретте, SPO (қайталама орналастыру) кейін айналыстағы акциялар санының ұлғаюына қарамастан, 2023 жылғы дивидендтер бір жай акцияға шаққанда 157,24 теңгені құрады. Осылайша, компания акционерлерінің 2023 жыл бойынша кірістері 10,6% құрады.

Соңғы есепті кезеңдердегі оң нәтижелерді, сондай-ақ дивидендтік саясатты ескеретін болсақ, компанияның акциялары жақын арада өсу әлеуетіне ие деп толық айтуға болады. Қаржы аналитиктері оптимистік болжамдар жасауда. Halyk Finance-тегі KEGOC акцияларының бағасы бойынша болжамды күтулер 1 888 теңгеден 1 906 теңгеге дейін және Freedom Finance 1550 теңгеден 1790 теңгеге дейін жаңартылды. Сондай - ақ Jusan Invest болжамдары 1 845 теңге, BCC Invest – 1 778 теңге және SKY bridge Invest - 1 764 теңге деңгейінде расталды.

KEGOC өкілдерінің айтуынша, компанияның акциялары ұзақ мерзімді инвестициялау үшін сенімді және тұрақты құрал болып табылады. Бұл компанияның нарықтағы жоғары кернеулі магистральдық желілерге ие жүйелік оператор мәртебесіндегі жағдайымен расталады, ол арқылы елде өндірілген барлық энергияның жартысынан көбі беріледі.

KEGOC Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонахбаева қатысушыларға ағымдағы жылдың мамыр айында компанияның 2032 жылға дейінгі даму жоспарының (стратегия) өзектендірілгенін айтып өтті. Компанияның Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторының функцияларын іске асыру жөніндегі пайымы, сондай-ақ компанияның Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі миссиясы өзгеріссіз қалады.

«Жаңартылатын энергия көздерін, инновациялық технологияларды дамыту жүйелік оператордан ұлттық электр желісін озық дамытуды және жасанды интеллектті пайдалана отырып, заманауи технологияларды енгізуді талап етеді», - деп атап өтті Эльвира Қонахбаева.

Осыған байланысты, Қазақстанның БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты іске асыру шеңберінде KEGOC-та инвестициялық жобалар портфелі 2035 жылға дейін жаңартылды, бұл генерацияны, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі ауқымды жоспарларды тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді.

Басқарушы директордың айтуынша, диспетчерлік басқарудың тиімділігін арттыруға, авариялық өшірулердің салдарын азайтуға, цифрлық қосалқы станцияларды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін өндірістік міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып іске асырылатын жобалардың тізбесі белгіленген.

Айта кету керек, 2024 жылдың басынан бастап «KEGOC» АҚ рейтингтері халықаралық рейтинг агенттіктерімен расталды:

1) Fitch Ratings ұзақ мерзімді рейтингтерді «BBB-»-дан «BBB» деңгейінде растап, «Тұрақты» болжамға дейін көтерді (2 ақпан, 2024 ж.);

2) Moody’s Investors Service рейтингті «Baa2» деңгейінде растады, болжам «Оң» (12 ақпан, 2024 ж.);

3) Standard & Poor’s Global рейтингті «ВВ+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты» (19 наурыз, 2024 ж.).

«Бұл рейтингтер Қазақстанның егеменді рейтингінің оң болжамдарына және «KEGOC» АҚ негізгі акционерінің рейтингісіне - «Самұрық-Қазына» АҚ сәйкес келеді», - деп қорытындылады «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан.

«KEGOC» АҚ қызметінің 2023 жылғы және 2024 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс