«KEGOC» және «Eni» Маңғыстау облысындағы алғашқы гибридті электр станциясын Қазақстанның ҰЭТ қосуды жоспарлауда
Бүгін KEGOC кеңсесінде Басқарма төрағасы Наби Айтжановтың Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясын (күн, жел және газ поршеньді) салу жобасы бойынша «Eni» (Италия) компаниялар тобының «Arm Wind» ЖШС Басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жобаны іске асыру мәселелері, оның ішінде гибридті станцияны кезең-кезеңімен қосу мәселелері талқыға салынды.
Гибридті электр станциясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының ауданында жүзеге асырылуда. Гибридті станцияны «Маңғыстау АЭК» АҚ 220 кВ Өзен қосалқы станциясына 110 кВ желілерімен қосу жоспарлануда.
Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш іске асырылмақ. Бұл Қазақстан ҰЭТ-на қосылатын алғашқы гибридті жоба. Ол өңірдегі өндірістік объектілерді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін болады.
Тізімге қайту