«KEGOC» АҚ 2024 жылғы 25 шілдеде сағат 11.00-де бекітілген тарифтік сметаны орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау жəне «KEGOC» АҚ қызметі тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы тұтынушылар жəне басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есеп беруін өткізеді.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ реттелетін мынадай қызмет түрлерін көрсетті:
- ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын жеткізу;
- ұлттық электр желісін пайдалану;
- желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жəне электр энергиясын тұтыну;
- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.
Тыңдау Астана қ., Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 1-қабаттағы конференц-залда өткізіледі.
Тыңдауға қатысу үшін кандидатураларды 2024 жылғы 24 шілде сағат 11:00-ге дейін электрондық мекенжайға ұсыну қажет khametov@kegoc.kz