Ұлттық электр торабын дамыту және жүйеаралық транзиттердің өткізу қабілетін арттыру аясында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» Акционерлік қоғамы және China Energy International Group арасында Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды:
1) энергия жүйесінің сенімділігін арттыру;
2) электр желілерін дамытуды жоспарлау;
3) EHV (ультра жоғары кернеу) және HVDC (тұрақты ток) беру технологиялары;
4)жаңартылатын энергия көздерінің энергия жүйесіне икемділігі мен интеграциясын арттыру.
Құжатқа қол қою рәсімінде «KEGOC»компаниясының басшысы Нәби Айтжанов қытайлық әріптестерінің Қазақстанның электр энергетикасы секторына келуін құптады. Өз кезегінде China Energy International Group басқарма төрағасы Лю Цзэсян мырза компанияның электр энергиясын өндіру, беру және тарату саласындағы табысты жұмыс тәжірибесі Қазақстанда да іске асырылатынын және Қазақстан мен Қытай энергетиктерінің бірлескен жұмысын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.