Баспасөз хабарламалары

Азия Даму Банкі «KEGOC» АҚ-ның Қазақстанның Оңтүстік аймағын күшейту жөніндегі жобасын қаржыландырады

«KEGOC» АҚ мен Азия Даму Банкі Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жобаны іске асыру үшін 58,2 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл жоба электр энергиясын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінен ірі ауқымда генерациялауды желіге интеграциялауға, елдің оңтүстігінде электр энергиясын жеткізуді күшейтуге және тұрақтандыруға, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қағидаларының конкурстық рәсімдеріне сәйкес таңдалған мердігерлер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кейіннен жалпы ұзындығы 475 км екі 500 кВ электр жеткізу желісін салуды, сондай-ақ 500 кВ «Шу», «Жамбыл» және «Шымкент» үш қосалқы станциясын реконструкциялауды және кеңейтуді көздейтін құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайды.

АДБ комплаенс рәсімдерін жүргізу шеңберінде «KEGOC» АҚ ESG, ашықтық және қаржылық тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығын растады. «KEGOC» АҚ-ның жоғары кредиттік рейтингтері АДБ-ның тиімді шарттармен қаржыландыруына мүмкіндік берді. Осы кредиттік келісімді жасасу халықаралық қаржы институттарының «Самұрық-Қазына» АҚ тобының сатып алу рәсімдеріне, сондай-ақ халықаралық листингілік компанияларға сәйкес келетін KEGOC қызметіне деген сенімін растайды.

«АДБ-ның «KEGOC» АҚ-мен серіктестігі Қазақстанға нөлдік шығарындылар, энергия ауысуы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Бұл жоба жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізумен синхрондалған, электр энергиясын жеткізу кезіндегі ысырапты азайтуға мүмкіндік береді және өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етеді»,-деді АДБ-ның жеке сектордағы операциялар жөніндегі бас директоры Сюзанна Габури. «АДБ «KEGOC» АҚ-ға көмек көрсетеді және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау және Ұлттық электр торабын дамыту бойынша техникалық консультациялар береді».

«Ұлттық электр торабының жаңа архитектурасы Оңтүстік Қазақстанның жаңартылатын және дәстүрлі энергия көздерінің орасан зор әлеуетін энергия теңгеріміне тартуға мүмкіндік береді. Экспорттық және транзиттік әлеует едәуір артады және бүкіл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі күшейтілетін болады. Осындай маңызды жобаларда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін Азия Даму Банкіне алғыс айтамыз», - деп атап өтті «KEGOC» АҚ басшысы Нәби Айтжанов.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс