Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да 1-жартыжылдық қорытындылары бойынша көпшілік жария тыңдалым өтті

2024 жылдың 25 шілдеде «KEGOC» АҚ-да бекітілген тарифтік сметасының орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша 2024 жылғы 1-жартыжылдық қорытындылары бойынша тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдындағы жария тыңдалым өткізілді.

KEGOC жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры Гүлмира Ахмедова келесі ақпаратты қамтитын егжей-тегжейлі баяндама жасады:

- 2024 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша «KEGOC» АҚ-да инвестициялық бағдарламаның орындалуы;

- 2024 жылғы 1-жартыжылдықта «KEGOC» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларды орындау;

- реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау;

- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу;

- «KEGOC» АҚ қызметінің 2024 жылғы 1-жартыжылдықтағы негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері;

- электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша және 2024 жылғы 1-жартыжылдықта электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі;

- қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгеруі.

 

Презентацияға сілтеме.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс