Баспасөз хабарламалары

KEGOC және MASDAR Жамбыл облысында 1000 МВт ЖЭС салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады

Жамбыл облысында электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1000 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде Азия және Африка елдерінің даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры Abdulla Zayed бастаған MASDAR компаниясының өкілдері KEGOC басшылығына ЖЭС-ті Қазақстан Ұлттық электр торабына қосу нұсқаларын ұсынды.

Кездесу барысында тараптар ЖЭС-ті Қазақстан Ұлттық электр торабына қосудың ең қолайлы нұсқаларын қарастырды, олар Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келеді. «KEGOC» АҚ жоспарланған жел станциясының қуат беру схемасын іске асыру бойынша одан әрі жұмыс шеңберінде ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

KEGOC басшысы Нәби Айтжанов өңірлік желілік инфрақұрылымды дамыту және Оңтүстік энергия торабының өткізу қабілетін арттыру перспективаларын ескере отырып, жобаны іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

«KEGOC және MASDAR мамандары жоспарланған жел станциясын ҰЭТ-ке қосу нұсқаларын талқылау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Біз үшін, Жүйелік оператор ретінде бұл жобаның өңірлік инфрақұрылымды ескере отырып іске асырылуы және Түркістан мен Жамбыл облыстарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал етуі маңызды», - деп атап өтті.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс