Баспасөз хабарламалары

KEGOC және Азия даму банкі Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшуін қолдау жөніндегі меморандумға қол қойды

Бүгін KEGOC басшылығының Азия даму банкімен кездесуі шеңберінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оған сәйкес АДБ техникалық қолдау көрсетеді, сонымен қатар төрт бағытты іске асыруға гранттық қаражат бөледі:

  1. Энергия жүйесінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, ЖЭК-тің тұрақсыз генерациясын қауіпсіз интеграциялау үшін KEGOC-та ЖЭК жөніндегі орталықты құру.
  2. KEGOC-та ЖЭК-ті өндіруді сапалы болжау үшін заманауи бағдарламалық жасақтаманы орнату, бұл энергия жүйесінің теңгерімдік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маневрлік қуаттардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
  3. Қолданыстағы және жаңадан енгізілетін генерацияланатын қуаттарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес энергия жүйесінің теңгерімдеуші мүмкіндіктерін техникалық бағалау.
  4. Компания қызметінің операциялық тиімділігі мен табыстылығын арттыру мақсатында KEGOC-тың тарифтік әдіснамасын жетілдіру.

Аталған бағыттар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «KEGOC» АҚ және Азия даму банкі арасында бұрын қол қойылған Қазақстан энергия жүйесінің икемділігін арттыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың Жол картасы шеңберінде іске асырылады.

KEGOC АДБ-мен бірлесіп іске асыратын осы және басқа да іс-шаралар Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс