Бүгін KEGOC-та Hitachi Energy және Japan Bank for International Cooperation өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың өзекті бағыттарын талқылады, оларды іске асыруда Hitachi Energy айтарлықтай тәжірибесі бар.
Кездесу шеңберінде KEGOC және Hitachi Energy электр желілерін дамытуды жоспарлау, жоғары кернеулі электр энергиясын жеткізу технологияларын, Smart Grid технологияларын зерделеу, ЖЭК-ті энергия жүйесіне интеграциялау, цифрлық қосалқы станцияларды енгізу, сонымен қатар қызметкерлердің тәжірибе алмасуы мен тағылымдамасы сияқты ынтымақтастықтың кең ауқымды нысандарын көздейтін меморандумға қол қойды.
«Меморандумға қол қою біздің компаниялар арасында ынтымақтастық бағыттарын зерделеу бойынша бұрын өткізілген кездесулердің нәтижесі болып табылады. Hitachi-дің энергетика саласындағы жобаларды іске асырудағы, атап айтқанда, заманауи шешімдер мен технологияларды жеткізудегі мол тәжірибесі KEGOC үшін энергия жүйесінің тұрақтылығын сақтай отырып, желілердің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі перспективалық жобаларды және елдің энергетикалық ауысуы бойынша басқа да жобаларды іске асыруда пайдалы болатынына сенімдімін», - деп атап өтті CEO KEGOC Нәби Айтжанов.