Баспасөз хабарламалары

KEGOC Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2024 жылғы 11 қазанда өткізілетіні туралы хабарлайды

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2024 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 11 сағат 30 минутқа белгіленді.

Акционерлердің жалпы жиналысында келесі мәселе қаралатын болады:

1.     «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай бойынша қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы».

2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес KEGOC таза кірісі 35,2 млрд теңгені құрады.

2023 жыл қорытындысы бойынша KEGOC акционерлерге 42,1 млрд теңге мөлшеріндегі таза пайданың 97%-ын төледі, бұл бір жай акцияға есептегенде 157,24 теңгені құрады.

KEGOC жылына екі рет дивиденд төлейді және таза пайданың кемінде 60%-ы дивиденд төлеуге жұмсалады. 2014 жылдан бастап Компания жалпы сомасы 260 млрд. теңгеден асатын мөлшерде дивиденд төледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына арналған хабарлама келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kegoc.kz/ru/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс