Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен «KEGOC» АҚ ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 950 834 теңге сомасына әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағылды
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру мен тұтынудың нақты балансын түзету фактісі негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жекелеген субъектілеріне қосымша шот-фактураларды беруде көрсетілген бұзушылық үшін айыпталуда.
Бұл түзету өңірлік электр желілері компаниясы – «Астана-АЭК» АҚ ұсынған өңірлік деңгейдегі түзетілген нақты теңгерімдер негізінде жүргізілді.
Өз кезегінде «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық мүдделі субъектілерімен «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-2 электр энергиясын жеткізу кезінде «Астана - АЭК» АҚ желілері бойынша электр энергиясын бөлуді айқындайтын әдістеме әзірленді және келісілді. Осы Әдістемеге сәйкес «Астана-АЭК» АҚ өңірлік деңгейінің нақты теңгерімдері түзетілді.
Соттың аталған шешімі заңды күшіне енген жоқ, Компания оған апелляциялық сатыда шағымдануға ниетті.