Баспасөз хабарламалары

KEGOC және Siemens Energy Қазақстан-Германия бизнес-форумында ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2024 жылғы 16 қыркүйекте Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында KEGOC және Siemens Energy өкілдері энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларына арналған кездесу өткізді.

Энергетика секторын цифрландыру тақырыбы талқылаудың негізгі өзегіне айналды. Тараптар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыру мақсатында Smart Grid технологияларын және цифрлық қосалқы станцияларды енгізу мүмкіндігін қарастырды. Осы ынтымақтастық шеңберінде Siemens Energy озық технологияларын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу бағдарламасы ұсынылды. Бұл энергия желілерін автоматтандыру және мониторингтеу мен басқарудың интеллектуалды жүйелерін құру үшін шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл энергетикалық инфрақұрылымды цифрландыру, электр энергиясын жеткізу технологияларын дамыту және жаңартылатын энергия көздерін желіге біріктіру сияқты салаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін негіз болады.

«Siemens Energy-мен ынтымақтастық өзекті мәселелерді шешуде пайдалы болмақ. Біз бірлесіп энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыру бойынша ең тиімді шешімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деп атап өтті KEGOC Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс