Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ акционерлері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары бойынша таза табыстың 64,5% дивидендтерге бағыттау туралы шешім шығарды

2024 жылдың 11 қазанында «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Іс-шара барысында компанияның қаржылық есептілігін, таза пайданы бөлу тәртібін бекіту, дивидендтерді төлеу туралы шешім шығару және 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындылары бойынша бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшерін бекіту мәселелері қаралды.
Акционерлер қоғамның есепті кезеңдегі қызметінің қорытындылары бойынша таза пайданың 64,5% немесе 22 млрд теңгені дивидендтерді төлеуге бағыттау туралы шешім шығарды. Осылайша, «KEGOC» АҚ бір жай акциясына төленетін дивидендтің мөлшері 82,40 теңгені құрады.
Жай акциялар бойынша дивиденд алуға құқылы «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2024 жылдың 28 қазанында 00 сағат 00 минутте тіркеледі.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығына дивидендтерді төлеу 2024 жылдың 1 қарашасында басталады. Дивидендтерді төлеу қаражатты қолма-қол ақшасыз, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ төлем агенті арқылы акционерлердің шоттарына аударылады.
«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер жылына 2 рет төленеді. Дивидендтерді төлеуге таза пайданың кем дегенде 60%  бөлінеді. 2014 жылдан бері акционерлерге төленген дивидендтердің жалпы сомасы 260 млрд теңгеден астам қаражатты құрады.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс