Баспасөз хабарламалары

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында KEGOC қызметкерлері мемлекеттік және корпоративтік марапаттарға ие болды

Мемлекеттік мерекеге орай «KEGOC» АҚ-да үздік қызметкерлерді марапаттау салтанатты шарасы өтті. 

Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания ұжымынұлттық мерекемен құттықтады.

- Республика күні – біз ерекше мереке, бұл күн табысты және дамыған Қазақстанды құруға ұмтылған отандастарымыздың күш-жігері мен талпынысын айшықтайды. «KEGOC» акционерлік қоғамы Қазақстан энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет атқарып келеді. Осы жылдар аралығында біз еліміздің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, отандық экономика мен әлеуметтік саланың дамуына үлес қосудамыз. Соңғы жылдары энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуда ауқымды жұмыстаржүргізілді, жаңа технологиялар енгізілді, компанияқызметінің тиімділігі артты. Біз инновацияларға, озық шешімдерге және KEGOC-тың басты құндылығы – адами капиталды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз, - деді Нәби Айтжанов.

Мерекелік шарада жоғары мемлекеттік және корпоративтік марапаттарға ие болған компания қызметкерлері атап өтілді. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің салтанатты жиынында III дәрежелі «Барыс» орденімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан Медеғалиұлы Жазықбаев марапатталды.

«Құрмет» орденімен Константин Чернохаев («Батыс ЖЭТ» филиалының директоры) марапатталды. Орденді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов табыстады.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Серік Тәшібаев («Ақтөбе ЖЭТ» филиалының директоры), Асыл Уатханов («Шығыс ЖЭТ» филиалы бас инженерінің орынбасары) және Евгений Дидоренко («ЖО ҰДО» филиалының бас диспетчері) марапатталды.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ наградаларымен келесі әріптестеріміз марапатталды:

​«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамның құрметті қызметкері»:  

- Юрий Сыздықов, Пайдалану департаменті әуе желілері бөлімінің бас сарапшысы;

- Гүлмира Ахмедова, Тариф құру департаментініңдиректоры.

«Құрмет» грамотасымен: 

- Алмат Қойгелдин, Күрделі құрылыс департаментінің инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру бөлімінің бас сарапшысы;

- Арслан Нұржанов, «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы;

- Александр Батищев, «Сарыбай ЖЭТ» филиалының Қостанай АЭТ релелік қорғаныс және автоматтандырылған қосалқы станциялар өндірістік тобының 1 санатты инженері;

- Бейбіт Қойқатов, «Орталық ЖЭТ» филиалының Ағадыр АЭТ «Ақадыр» ҚС 1 тобының қосалқы станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі шебері.

Алғыс хатпен марапатталды:

- Наурызбаев Еркебұлан Наурызбайұлы – Телекоммуникациялар департаментінің телекоммуникацияларды сүйемелдеу тобының бас менеджері;

- Құсайынова Әйгерім Еркінбекқызы – Корпоративтік қаржы департаментінің өтімділікті жоспарлау бөлімінің менеджері;

- Искакова Гүлмира Сейілханқызы – Ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің менеджері;

- Қосабекова Эльмира Даутқызы – Стратегиядепартаментінің бас менеджері.

- Осы жетістіктермен шектеліп қалмай, әрбір қызметкерөз әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Еліміздің игілігі жолындағы ортақ жұмыстарды әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Әрбір жаңа күн табыстар мен сәттіліктер әкелсін, - деді Нәби Айтжанов.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс