«Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары арасында өтетін дәстүрлі Спартакиаданы биыл да ұйымдастыратынын хабарлайды. Тоғызыншы рет болайын деп жатқан шара жылдағыдай Астана қаласында өтеді. Спорт додасына бүкіл республика аумағынан 16 құрама командаға топтасқан 1000-нан аса адам қатысады деп күтілуде. Бұл сайыс қызметкерлерге өздерінің шеберлігін, күш-жігерін, шымырлығын және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік ұсынады.
Спортты жанына серік еткен жандар 2024 жылдың 22-24 қарашасында, Астана қаласындағы Назарбаев университеті Атлетика орталығында (Қабанбай батыр даңғ. 53к3а) бас қосып, 11 спорт түрінен бақ сынайды.
Олар: футзал, баскетбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, жүзу және киберспорт.
Спорт мерекесінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тек жарысып қана қоймай, қайырымдылыққа да үлес қоспақ. Кеш барысында жиналған қаражат мектептерде инклюзивті кабинеттер ашуға бағытталады. Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірмек.
Барлық жанкүйерлер мен көрермендерді «Спортқа «ИӘ» де!» ұранымен өтетін осы ерекше жарысқа белсенді атсалысып, әріптестерін қолдап, шынайы бәсекелестік көңіл-күйін сезінуге шақырамыз! Корпоративтік рухта бірігіп, ұмытылмас кештің бір бөлшегі болыңыз!
Толығырақ https://spartakiadask.kz/ сайтында және әлеуметтік желіде:
Instagram: https://www.instagram.com/spartakiada.sk?igsh=MXdhcnN1NGgweGtneg==
Telegram: https://t.me/sportsamruk
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=61566920559545&mibextid=LQQJ4d
Сұрақтар туындаса, жедел желі нөмірлері: +7 778 252 98 21, +7 778 252 98 26.