Баспасөз хабарламалары

IPO-ға шыққан сәттен бері KEGOC төлеген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгені құрады

Астанада AIX халықаралық биржасының алаңында өткен «KEGOC» АҚ Эмитент күнінде «KEGOC» АҚ қызметінің 2024 жылдың 9 айы бойынша негізгі өндірістік және қаржылық нәтижелері, инвестициялық тартымдылық факторлары, сондай-ақ Компанияның даму жоспарлары туралы айтылды.

«KEGOC» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева өз сөзінде компания табысының өсуінің оң динамикасын атап өтті. Компанияның 2024 жылғы 9 айдағы операциялық пайдасы 59 млрд теңгені құрады, өсім 59%-ды құрады. Ал таза пайда 47 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы кезеңмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге немесе 64%-ға жоғары.

Көрсеткіштердің жақсаруының негізгі факторлары көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуімен, сондай-ақ 2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап электр энергиясы нарығы моделінің өзгеруі нәтижесінде теңгерімсіздіктерді өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу/сату операциялары бойынша шығынды алып тастаумен (2023 жылы шамамен 9 млрд теңге және 2022 жылы 18 млрд теңге) байланысты.

Қаржы директорының айтуынша, компания акциялары оң динамиканы көрсетіп келеді. SPO-ға шыққан (2023 ж. қараша) сәттен бастап акциялар сауда-саттығының жалпы сомасы 18,1 млрд теңгені құрады, бұл бағалы қағаздар нарығындағы жоғары өтімділікті көрсетеді. Соңғы есепті кезеңдердегі нәтижелердің оң динамикасы, сондай-ақ тұрақты дивидендтік саясаты ескерілген компания акцияларының жақын арада өсу әлеуеті зор. Қаржы сарапшылары KEGOC акцияларының өсу перспективаларына оң баға беріп отыр: Halyk Finance – 1906 теңге, SKY Bridge Invest – 1 882 теңге, Jusan Invest – 1845 теңге, BCC Invest – 1778 теңге, Freedom Broker – өз болжамын 1590 теңгеден 1760 теңгеге дейін ұлғайтты.

Компания акцияларын орналастырудың барлық кезеңінде төленген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында (1 қарашада) 22,7 млрд теңге (бір жай акцияға 82,40 теңге) мөлшерінде дивидендтер төленді, бұл IPO-ға шыққан сәттен бергі тарихи ең жоғары көрсеткіш болып саналады. 2024 жылы шамамен 44,6 млрд теңге дивидендтер төленді, бұл жай акцияға шаққанда 161,9 теңгені құрайды.

KEGOC өкілдерінің айтуынша, компанияның акциялары ұзақ мерзімді инвестициялау үшін сенімді және тұрақты құрал саналады. Бұл компанияның ұлттық электр торабын басқаратын және энергия нарығы субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсететін нарықтағы Жүйелік оператор мәртебесіндегі жағдайымен расталады.

«KEGOC» АҚ стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева қатысушыларға 2024 жылдың қорытындысы бойынша Компания стратегиялық пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) бойынша қабылданған барлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалатынын айтты.

Басқарушы директордың айтуынша, диспетчерлік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өндірістік міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып іске асырылатын жобалардың тізбесі белгіленген.

Қазіргі кезде төрт ірі инвестициялық жоба іске асырудың белсенді кезеңінде тұр:

  • Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту;
  • Батыс энергожүйесін Қазақстан Республикасы БЭЖ-мен біріктіру;
  • Астана қаласының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту мақсатында электр желілік нысандарды салу;
  • Барлық өңірлік филиалдарды қамти отырып, компанияның электр желілерін қайта құрудың екінші кезеңін жалғастыру.

2024 жылдың басынан бастап «KEGOC» АҚ рейтингтері халықаралық рейтингтік агенттіктермен расталды:

  • Fitch Ratings ұзақ мерзімді рейтингтерді «BBB-»-дан «BBB»-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты» (2 ақпан 2024 ж.);
  • Moody's Investors Service рейтингті «Baa2» деңгейінде растады, болжам «Оң» (2024 жылғы 12 ақпан);
  • Standard & Poor's Global рейтингті «ВВ+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты» (2024 жылғы 19 наурыз).

Бұл рейтингтер Қазақстанның егеменді рейтингінің оң болжамдарына және «KEGOC» АҚ негізгі акционерінің рейтингісіне сәйкес келеді.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс