Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) ұзақ мерзімді рейтингін «тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растады. Бұл Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне сәйкес келеді.
28.01.2025 жылы жарияланған Fitch Ratings есебі 2023 жылғы маусымда күшіне енген реформалар мен нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістердің арқасында KEGOC қаржылық бейінінің жақсарғанын атап өтті. Реформа аясында энергетикалық нарық толығымен орталықтандырылды. Бұл компанияға барлық тұтынушыларды қамтитын жеткізу және ұлттық электр торабын (ҰЭТ) пайдалану қызметтерін ұсынуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасында тұтынудың ұлғаюын ескере отырып, Fitch Ratings 2025 жылдан бастап 2028 жылды қоса алғанда электр энергиясын жеткізу және ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызметтер көлемінің өсуін, сондай-ақ Компания табыстылығының тиісті ұлғаюын болжап отыр.
Рейтингтік агенттіктің түсініктемесіне сілтеме: https://www.fitchratings.com/research/corporate-finance/fitch-affirms-kegoc-at-bbb-outlook-stable-28-01-2025