«KEGOC» АҚ S&P Global CSA Score 2024 ESG-рейтингінің жоғарылағаны туралы хабарлайды. S&P Global рейтингтік агенттігінің тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша KEGOC 100-ден 55 балл алды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 4 тармаққа жоғары (51 балл). Бағалау 2025 жылдың 31 қаңтарындағы жай-күй бойынша берілді, бұл ретте ақпаратты ашу деңгейі «Very High» деп бағаланды.
ESG рейтингі тұрақты дамудың үш негізгі сегментіндегі ұйымның қызметін бағалауды білдіреді: экология, қоғам, корпоративтік басқару.
Жоғары рейтинг KEGOC-тың тұрақты жобаларды жүзеге асыруға және барлық мүдделі тараптар үшін құндылық құруға бағытталған күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді.
Бұл нәтижеге KEGOC келесі бастамалардың арқасында қол жеткізді:
- Жасыл жобалар: жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) біріктіру және энергия тиімділігін арттыру үшін жаңа желілерді салу және жұмыс істеп тұрған желілерді жаңарту.
- Денсаулық сақтау және қауіпсіздік: еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау және жұмыс жағдайларын жақсарту және жарақаттанудың нөлдік саясатын ұстану.
- Өнім берушілермен жұмыс: тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарымен бөлісетін серіктестермен ынтымақтастық.
- Экологиялық жауапкершілік: ресурстарға ұқыпты қарау және қалдықтарды жоюды бақылау.
- Персоналды әлеуметтік қолдау: қолайлы еңбек жағдайларын жасау және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыру, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру.
- Персоналды оқыту және дамыту: қызметкерлерді үздіксіз оқыту және мансаптық өсуді қолдау.
- Климаттық бағдарлама: климаттық тәуекелдерді бағалау, оларды митигациялау және шығарындыларды азайту бойынша шараларды іске асыру.
«KEGOC» АҚ корпоративтік басқаруды жетілдіруді, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды дамытуды және одан әрі өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін персоналды дамытуға инвестиция салуды жалғастырады.
S&P Global компаниясының ESG бағалау туралы толық есебі келесі сілтеме арқылы қол жетімді:https://www.spglobal.com/esg/scores/results