Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы «KEGOC» АҚ Астанада өткен «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты бірегей фестивальге қатысты. Іс-шара аясында компания энергетика саласының дамуы және отандық электр энергетика жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде білікті мамандардың алатын рөлі туралы арнайы стенд ұсынды.
«Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі жастар үшін маңызды оқиғаға айналғанын атап өткен жөн. Өйткені фестиваль экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие мамандықтармен танысуға мүмкіндік береді. «KEGOC» АҚ стендінде келушілер компанияның қызметімен кеңірек танысты, сонымен қатар энергетикадағы заманауи технологиялар көрсетілімін көріп, саладағы мансаптық өсу және кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.
Болашақ мамандықтары
Компания мамандары «KEGOC» АҚ қызметінің негізгі аспектілері және елімізді үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін қолданылатын инновациялық шешімдер жайында айтып берді. Соның ішінде энергетикалық инфрақұрылымды дамыту перспективаларына, сондай-ақ бұл маңызды экономикалық салаға жас мамандарды тарту маңыздылығына баса назар аударылды.
«KEGOC үнемі команданы дамытып, энергетика саласындағы қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары стандарттарын сақтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Компанияның табысты жұмысы мен Қазақстан энергетикалық жүйесінің тиімді қызмет етуі үшін бізге талантты әрі білікті мамандар қажет. Бұл фестиваль – жастарды энергетика саласындағы жұмыс мүмкіндіктерімен таныстыруға және олардың елдің болашағы үшін маңызды кәсіпті таңдауына септесуге тамаша мүмкіндік,» – деп атап өтті «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.
Интерактивті іс-шаралар және шеберлік сабақтары
Компания стендінде энергетиктердің жұмыс ерекшеліктері туралы шеберлік сабақтары өтті. Қатысушылар энергетикалық жүйелермен байланысты мамандықтармен танысып, энергетика саласындағы мансаптық өсуге дайындықтар бойынша кеңестер алды. Арнайы интерактивті сессиялар қатысушыларға энергетик мамандардың нақты жұмысын бейнелейтін рөлдік ойындар мен симуляцияларға қатысуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, келушілер викторинаға қатысу арқылы энергетиктердің жұмысы туралы жаңа білімдерін бекіте алды.
Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық
«KEGOC» АҚ білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастық орнатып, біліктілікті арттыру бағдарламалары мен тәлімгерлік жүйелерін дамытады. Фестиваль аясында компания энергетика саласы бойынша кадрларды даярлау, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу және студенттерге арналған тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша университеттер және колледждермен бірлескен жобаларын жариялады.
«Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі энергетика саласындағы мамандықтардың маңыздылығын және бизнес пен білім беру мекемелері арасындағы өзара ынтымақтастықты көрсету арқылы заманауи экономика талаптарына сай жұмыс істей алатын болашақ кәсіби мамандарды даярлауға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
БАҚ үшін байланыстар:
Телефон: Зарлықова Дилара +7 775 777 2467
Жакеева Алмагүл +7 705 564 2228
Email: zarlykova@kegoc.kz, zhakeyeva@kegoc.kz
Сайт: kegoc.kz
Анықтама үшін:
«KEGOC» АҚ – Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы. Компания электр энергиясын жеткізу және Қазақстан аумағында энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды. «KEGOC» энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологиялар мен басқару жүйелерін белсенді енгізуде.