Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ KASЕ конференциясында «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін 2024» дипломымен марапатталды

14 ақпан KASE-нің Tabadul Hub электронды сауда жүйесіне қосылу рәсімі мен осыған орай ұйымдастырылған KASE: Joining Tabadul Digital Hub конференциясы өтті. Оған KASE мүшелері, халықаралық серіктестер мен қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.

Конференция аясында KASE мүшелері мен эмитенттерін марапаттау бойынша 23-ші жыл сайынғы рәсімі өтті. Аталмыш шарада «KEGOC» АҚ «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін 2024» дипломымен марапатталды. Компания бұл марапатқа өз қызметі туралы ақпаратты озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес сапалы және толық ашып көрсеткені үшін ие болды.

KEGOC – бұл акциялары 2014 жылдан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) және 2023 жылдан бастап Астана халықаралық биржасында (AIX) саудаланатын акционерлік қоғам. 2025 жылдың басындағы жағдай бойынша Компанияның 80 мыңнан астам инвесторы бар. «KEGOC» АҚ инвесторлар мен акционерлерді сенімді және өзекті деректермен қамтамасыз етіп, олармен ашық диалогқа ұмтылады.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс