«KEGOC» АҚ Астанада ақпанның 11-15 күндері аралығында өткен бірегей «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты. Аталған шараға 30 000-нан астам адам келді, соның ішінде Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері бар.
Компания фестивальге қатысу арқылы энергетика саласындағы мамандықтарды насихаттады және жастарды ел экономикасы үшін маңызды саналатын салалардың бірінде мансаптық мүмкіндіктермен таныстырды. Фестиваль барысында KEGOC стенді келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар компанияның қызметі туралы ақпаратқа қанықты, сондай-ақ энергетикадағы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер әлеміне үңілуге мүмкіндік алды.
Компания мамандары шеберлік сабақтарын, интерактивті сессиялар мен викториналар өткізіп, қатысушыларға практикалық білім берді. Сонымен қатар, олар энергетик мамандығының отандық электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін бағалауға мүмкіндік алды.
Көрме аясында KEGOC техникалық және жоғары оқу орындарымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұл кездесулер энергетика саласы үшін кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған. KEGOC оқу орындарымен қосымша кездесулер өткізіп, келісімшарттардың нақты шарттарын талқылайды (оқу бағдарламаларын әзірлеуге білікті көмек көрсету, практикалық сабақтар, өндірістік тәжірибе және дуальды оқытуды ұйымдастыру).
«Жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысқандағы нәтижелерімізіге көңіліміз толады. Мұнда компания туралы айтып қана қоймай, жастардың энергетик мамандығына деген қызығушылығын арттырып, білім беру мекемелерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалауға тамаша мүмкіндік туды. Біз бірлесе отырып, Қазақстан энергетикасын дамытатын жоғары білікті мамандарды даярлай аламыз деп сенемін», – деп атап өтті KEGOC басшысы Нәби Айтжанов.
KEGOC-тың осы ауқымды іс-шараға қатысуы жас мамандарды даярлаудың маңыздылығын және энергетика саласын дамытудың ел болашағы үшін өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті. KEGOC фестиваль ұйымдастырушылары мен барлық қатысушыларға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіреді. Компания мұндай іс-шаралар жастарға әртүрлі кәсіптермен жақынырақ танысуға, өз қызығушылықтарын жақынырақ түсінуге және болашақ мансабын саналы түрде таңдауға көмектесетініне сенімді.