Баспасөз хабарламалары

KEGOC Каспий теңізі арқылы өтетін суасты кабелі жобасына қатысады

Бакуде Жасыл энергетика жөніндегі Консультативтік кеңестің үшінші министрлік кездесуі өтті.

Жиын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің төрағалығымен өтіп, оған Түркия, Грузия, АҚШ, БАӘ және Еуропа елдерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында «жасыл энергетикалық дәліз» мәселелері талқыланды. Қазақстан атынан жиынға ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысты.

Қазақстан ілеспе газды кәдеге жарату технологиялары мен «жасыл» сутегі өндіру бойынша перспективалы жобаларды қоса алғанда, төменкөміртекті шешімдерді дамыту бастамаларын белсенді қолдайды. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы жуырда жасалған үшжақты келісім аясында Каспий теңізі арқылы суасты жоғары кернеулі кабель тарту бастамасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Жасыл энергетикалық дәліздің» бір бөлігі саналады.

Қазақстан делегациясының басшысы – ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов еліміздің өңірлік және халықаралық энергетикалық әріптестікті нығайтуға, энергия тасымалдаудың әртараптандырылған әрі экологиялық таза бағыттарын дамытуға, соның ішінде «жасыл» энергетика компоненттерін ілгерілетуге бейілділігін растады.

«KEGOC» АҚ Каспий теңізінің түбімен тартылатын терең судағы кабель құрылысын көздейтін бірегей жобаны іске асыруға белсенді қатысуда. Бұл суасты маршрут Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін инфрақұрылымның маңызды элементі болады. Кездесу барысында техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға арналған техникалық тапсырма таныстырылды. Оның әзірленуін қаржыландыру донорлардың гранттық қаражаттары есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Анықтама үшін:
«KEGOC» АҚ – Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және оларды басқарады. Компания қызметінің негізгі бағыттары табиғи монополия саласына жатады. Компания теңгерімінде ұзындығы 27 мың шақырымнан асатын 220-1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілері мен трансформатор қуаты 39,1 ГВА болатын 83 электр қосалқы станциясы бар. Толық ақпарат компанияның ресми сайтында: www.kegoc.kz


Жедел желі

Кері байланыс