2025 жылғы 28 сәуірде сағат 11:30-да «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Жиында 2024 жылға арналған қаржылық есепті бекіту, дивидендтерді бөлу, акционерлер тізімін бекіту және дивидендтер төлеу мәселелері қаралды.
2024 жылы KEGOC-тың таза пайдасы 59,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 37,1%-ға артты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін бір жай акцияға есептелген дивидендтер көлемі – 82,40 теңге, ал екінші жартыжылдық үшін – 81 теңге болды. Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайданың 75,6%-ы, яғни 44,98 млрд теңге немесе бір жай акцияға 163,40 теңге дивиденд ретінде бөлінеді.
2024 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивиденд алуға құқылы «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2025 жылғы 28 мамыр күні сағат 00:00-де тіркеледі. 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу 2025 жылғы 4 маусымда басталады.
2024 жылдың негізгі нәтижелері:
✅ Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 4,3%-ға артып, 120 млрд кВтс құрады, ал өндіріс көлемі 4,5%-ға өсіп, 117,9 млрд кВтс болды.
✅ KEGOC қызметтері өсімі:
- Ұлттық электр торабын пайдалану – 74,9 млрд кВтс (+108% 2023 жылмен салыстырғанда);
- Техникалық диспетчерлеу – 110,9 млрд кВтс (+4,7%);
- Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру – 210,2 млрд кВтс (+2,4%).
Өсіп келе жатқан жүктемеге қарамастан, KEGOC энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етті.
KEGOC ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда: Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағының электр желілерін күшейту және Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-іне қосу жобалары белсенді іске асуда, негізгі жабдықтары жеткізілді. Екі жоба да 2027 жылы аяқталады.
2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық шеңберінде сәуір айында жөндеу науқаны басталды. Жоспарға сәйкес 99 электр жеткізу желісі мен 43 қосалқы станция жабдықтарын жөндеу көзделген.
Экономикадағы мемлекеттік қатысуды азайту тапсырмасына сәйкес, «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымын қайта құрылымдау және оны «KEGOC» АҚ құрамына қосу мәселесі қаралуда. Барлық шешімдер қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып қабылданады.
«KEGOC» АҚ тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан энергетикалық инфрақұрылымын белсенді дамытуды жалғастырады.