Баспасөз хабарламалары

S&P KEGOC рейтингін «BB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі «KEGOC» АҚ-ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «BB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

2025 жылғы 2 мамырда жарияланған есепте рейтингтің тұрақтылығына қолайлы құқықтық-нормативтік база мен ашық тариф белгілеу тәсілі оң әсер ететіні көрсетілген. Агенттік KEGOC-тың EBITDA көрсеткіші инвестицияның қарқынды кезеңінде де өседі деп болжап отыр.

Сонымен қатар, S&P агенттігі сақтық ұстанымын ұстанады, өйткені қолданыстағы тарифтік әдіснама 2026-2027 жылдарға жоспарланған ірі инвестициялық шығындарға төзімділігі бойынша әлі сынақтан өтпеген.

S&P болжамына сәйкес, KEGOC-тың 2025-2027 жылдардағы операциялық ақша ағындары Батыс және Оңтүстік Қазақстанда жаңа электр желілерін салуды қоса алғанда, ауқымды инвестициялық бағдарламаның басым бөлігін жаба алады. Бұл жобалар еліміздің өңірлеріндегі электр энергиясы ағынын арттыруға бағытталған.

KEGOC-тың өтімділігі жеткілікті деп бағаланды – компанияда инвестицияларды қаржыландыруға қажетті ақшалай қаражат пен пайдаланылмаған кредиттік желілер бар, ал қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелері аз.

Рейтинг агенттігінің толық есебін сілтемеден оқуға болады: https://disclosure.spglobal.com/ratings/en/regulatory/article/-/view/type/HTML/id/3363262

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс