Баспасөз хабарламалары

S&P агенттігі KEGOC рейтингін Қазақстанның мемлекеттік рейтингі деңгейіне дейін көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB+» деңгейінен «BBB-» деңгейіне дейін көтеріп, болжамды «Тұрақты» деп белгіледі. Осылайша, компанияның рейтингі инвестициялық деңгейге (мемлекеттік) жетті.

Рейтингтің жоғарылауы KEGOC-тың кредиттік бейінінің нығаюын көрсетеді және агенттіктің бағалауы бойынша компанияның қаржылық көрсеткіштерінің тұрақтылығымен, сондай-ақ электр энергетикасы секторындағы қолданыстағы реттеуші механизмдермен негізделген.

S&P агенттігі тарифтік реттеу мен нормативтік орта жалпы алғанда KEGOC-тың жоспарланған инвестициялық бағдарламасын іске асыруына және тұрақты қаржылық метрикаларды сақтауына жағдай жасайтынын атап өтті.

Тұрақты болжам S&P агенттігінің KEGOC компаниясы қолданыстағы реттеу жүйесіне, инвестициялық бағдарламаның ретімен іске асырылуына және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға сүйене отырып, алдағы уақытта да тұрақты қаржылық көрсеткіштерін сақтайды деген күтулерін көрсетеді.

KEGOC электрмен жабдықтаудың сенімділігін одан әрі арттыруға және еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған Ұлттық электр торабын дамыту бойынша негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруда.

S&P тарапынан рейтингтің жоғарылатылуы компанияның қаржылық тұрақтылығына, оның ашықтығына және электр энергетикасындағы стратегиялық міндеттерді тиімді шешу қабілетіне деген сенімді растайды.

 

   https://www.spglobal.com/ratings/en/regulatory/article/-/view/sourceId/101679313


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші