«KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен компанияның 2025 жылға арналған қаржылық есептілігі, 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивиденд мөлшері, акционерлер тізімін тіркеу және дивидендтерді төлеу күндері бекітілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша KEGOC-тың таза пайдасы 70,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 19%-ға артты. Жыл қорытындысы бойынша компанияның таза жылдық пайдасының 62,9%-ы дивиденд төлеуге бағытталды.
Осылайша, 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивидендтерге шамамен 22,3 млрд теңге бағытталады, бұл «KEGOC» АҚ-ның бір акциясына шаққанда 81 теңгені құрайды.
Бұған дейін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерге 22,27 млрд теңге көлемінде немесе бір акцияға 80,90 теңге дивиденд төлеген болатын.
2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін компанияның акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 12 мамыр сағат 00:00-де тіркеледі.
2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін «KEGOC» АҚ-ның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу 2026 жылғы 12 маусымға жоспарланған. Төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіпте, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ төлем агенті арқылы акционерлердің шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
«KEGOC» АҚ дивидендтерді жылына екі рет төлейді. 2014 жылдан бері компания төлеген дивидендтердің жалпы көлемі шамамен 327,5 млрд теңгені құрады.