Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Орталық Азияның электр энергиясы нарығын құру бойынша халықаралық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды

«Орталық Азияның өңірлік электр энергиясы нарығының өзара байланыстылығы және саудасы» (REMIT) жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банктің қолдауымен қаржыландырылатын Орталық Азияның пилоттық қысқа мерзімді электр энергиясы нарығын әзірлеу, енгізу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі консалтингтік ұйымды іріктеу үшін «Энергия» үйлестіру-диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – «Энергия» ҮДО) халықаралық тендер жариялады.

Жоба Орталық Азияның төрт елін: Қазақстан Республикасын, Қырғыз Республикасын, Өзбекстан Республикасын және Тәжікстан Республикасын қамтиды.

Жұмыстар нарықтың нормативтік-құқықтық және шарттық базасын әзірлеуді, сауда платформасы мен есеп айырысу жүйесін құруды, пилоттық нарықты іске қосуды, сондай-ақ оны пайдалануға енгізгеннен кейін 24 ай бойы оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көздейді. Әзірлеу және енгізу мерзімі 18 айды құрайды.

Тендерге электр энергиясы нарықтарын әзірлеу және сүйемелдеу, сауда және есеп айырысу платформаларын құру, сондай-ақ нарықтық операцияларды ұйымдастыру саласында тәжірибесі бар консалтингтік ұйымдар қатысуға шақырылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қарашаға дейін, сағат 15:00-ге дейін (Ташкент уақыты бойынша).

Әлеуетті қатысушыларға арналған онлайн-конференция: 2026 жылғы 16 қараша, сағат 17:00-де (Ташкент уақыты бойынша).

Қатысуға қызығушылық білдіру өтінімдері (Expression of Interest) ағылшын тілінде PDF форматында мына электрондық пошта арқылы қабылданады: shamsiev@udc.uz.

Тендер туралы толық ақпарат және техникалық тапсырма «Энергия» ҮДО-ның ресми сайтында орналастырылған:

Техникалық тапсырмамен танысу.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші