Баспасөз хабарламалары

Бизнес және трансформация: компанияның мүддесі үшін мақсат бірлігі

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Бизнесті трансформациялау орталығының бастамасы бойынша «KEGOC» АҚ Ақмола ЖЭТ филиалы базасында таныстыру кездесуі өткізілді. Филиалға таныстыру мақсатында бару бастамасын Адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директор А.А.Мұхамеджанова мен Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаменттің басшысы Б.Б.Омаров қолдаған болатын. 

Кездесу мақсаты - трансформациялау командасының мүшелері үшін орналасқан жерлерінде негізгі өндірістік процестердің құрылымы бойынша түсіндіру сессиясын өткізу. ЖЭТ филиалының басшылығы атынан Ж. Алшынбековтің кездесуге өте мұқият дайындалғанын айтпай кетуге болмайды. Өндірістік бөлімшелердің басшылары компанияның ірі филиалдарының біреуінде еш мүдірмей дұрыс және түсінікті модель құрды. Барлығы филиал жұмысының жеті бағыты бойынша баяндамалар тыңдалды: Өңірлік диспетчерлік орталықты басқару; өндірістік-техникалық қызметтің, сынаулар мен диагностика қызметінің, метрология және өлшеу жүйелері қызметінің, релелік қорғау және электр автоматикасы қызметінің, қосалқы станциялар қызметінің бизнес-процестері, сонымен қатар «Энергоинформ» АҚ Ақмола ЖЭТ филиалы директорының телекоммуникациялар жөніндегі орынбасарының ақпараты.

Жиналғандар пікірталасқа белсенді қатысты. Сұрақтардың негізгі тобы кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, жас мамандарды тәрбиелеуге арналды. Жақын шетелде оқытудың баламасы ретінде Алматы энергетика және байланыс университеті базасындағы зертханалық сыныптарда компанияның қайта монтаждалған жабдықтарын қолдану туралы ұсыныс айтылды. Бұрын компанияда өндірістік-техникалық (желілік) персоналды, РҚА мамандарын, ӨДО диспетчерлерін, басқа да санатты қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау, «Энергоинформ» АҚ Оқу орталығының филиалы базасында кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу мәселелері жөніндегі бастама талқыланды.   

«Жастар бізге таныстықпен келіп отырған жоқ. Бұл жерде жастардың жұмыс істеуге деген құлшынысы, яғни ынтасы болуы өте маңызды. Жас мамандар арасында нағыз кәсіби мамандардың орнын алмастыруға лайық өте дарынды және сауатты мамандар көп екенін айта кету қажет», - деп атап өтті ӨДҚ басшысы И.И. Лукашев. Сонымен қатар, кездесуде  техникалық тәуекелдер, бюрократтық тізбектер, құжаттарды ресімдеу мен ұсыну процестерінің қайталануы, Атқарушы дирекция бөлімшелерімен өзара іс-қимыл кезінде белгілі бір әрекеттердің дұрыс жолға қойылмауы жөнінде мәселелер талқыланды.   

Қатысушылар филиал қызметкерлерінің іс-шараға дайындық деңгейін жоғары бағалады. Адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директор Мұхамеджанова Анар Амантайқызы нәтижелі жұмыстарды жалғастыруды құптап, алдағы болатын өзгерістерге қалыс қалмай қатысуға және оларды басқарудың барлық деңгейлерінде қолдау көрсетуге шақырды.  

Таныстыру кездесуінің шарықтау шегі бұл филиалдың Өңірлік диспетчерлік орталығына бару болып табылады. Кездесуге қатысушылар филиалдағы пайдалану жауапкершілігі шеңберінде өңірлік диспетчерлік орталықтың электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін үздіксіз жедел-диспетчерлік басқару сияқты негізгі функциялары туралы әңгімеледі.   

Анықтама: Ақмола ЖЭТ филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылды. Филиалдың мүліктік кешенінен жалпы ұзындығы (тізбектер бойынша) 4230,156 км жоғары вольттық электр жеткізу желілері кіреді; филиалдың құрамына кернеуі 220–1150 кВ, жиынтық қуаты  8136,6 МВА 10 қосалқы станция кіреді. Энергетикалық көздер: Павлодар облысының ұлттық маңызы бар электр станциялары, өңірлік маңызы бар электр станциялары (Ақмола ЖЭО-2, Петропавл ЖЭО-2) жергілікті маңызы бар электр станциялары  (Ақмола ЖЭО-1, Ақмола тау-кен химиялық комбинаты ЖЭО («Джет-7» ЖШС), Сергеевская ГЭС). Персонал саны: 594 адам.




Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші