«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Трансформация жобалары портфеліне 5 жаңа бастама (3 жоба және 2 іс-шара) енгізу мақұлданды.
Жаңа бастамалар мен жобалар «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Есімовтің 2020 жылғы мамырда Қордың портфельдік компаниялары тыңдалымында берген тапсырмасына сәйкес ұсынылды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жиналған бизнес-бастамалар талдауының қорытындылары бойынша Трансформация жобаларының жаңартылған портфеліне ұсыныстар әзірлеу үшін негіз болған идеялардың ұзақ (35 бастама) және қысқа (21 бастама) тізімдері қалыптастырылды.
Осылайша, қазіргі іске асырылып жатқан бес жоба мен алты іс-шараға «SCADA/EMS диспетчерлік басқару және деректерді жинау жүйесін жаңғырту», «Қосалқы станциялардың мониторингілеу және басқару жүйелерін жаңғырту», «Электрондық құжатайналымы жүйесін ауыстыру» жобалары, «Өндірістік жобаларда деректер талдауын пайдалану бойынша зерттеу жұмыстары» және «HSE саласындағы бизнес-процестерді талдау» іс-шаралары қосылады.
KEGOC Бизнесті трансформациялау жобаларының жаңартылған портфелінің бастамаларын ендіруден 2032 жылға дейін 20 млрд тг-ден жоғары көлемде пайда алу болжанады.
«SCADA/EMS диспетчерлік басқару және деректерді жинау жүйесін жаңғырту» жобасының шеңберінде диспетчерлік басқару жүйесін «Индустрия 4.0» технологиясының интеллектуалды желілерін құру бойынша талаптарына сай келетін жаңа жүйеге толық ауыстыру жоспарланады. Ауыстырудың себебі қолданыстағы SCADA/EMS ресурстарының толық өндірілуі,оның элементтерінің толық жұмыс істей алмауы және өндірістен шығарылған құрылғылардың ескіруі болып табылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдар.
«Қосалқы станциялардың мониторингілеу және басқару жүйелерін жаңғырту» жобасын іске асырудың себептері SIEMENS AG өндірген SICAM SAS типіндегі жүйелердің техникалық және моральдық тұрғыдан ескіруі, МЭК 61850 қосалқы станцияларды автоматтандырудың заманауи халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, әртүрлі өндірушілердің релелік қорғау және автоматиканың микропроцессорлық құрылғыларының (РҚАМҚ) жүйелермен бірігу мүмкіндігінің болмауы, WinCC v.6. қолданбалы бағдарламалық жасақтамасы соның негізінде жұмыс істейтін қосалқы станция кезекшісінің автоматтандырылған жұмыс орындарының пайдаланатын операциялық жүйесінің (Windows XP) ұсталмауы (киберқауіпсіздік бөлігінде тәуекелдер болуы мүмкін), сонымен қатар болашақта оларды сатып алу және жеткізу бойынша қиындықтар туғызатын SIEMENS AG компаниясының жүйелердің қосалқы бөлшектерін жеткізу бойынша келісімшарттық міндеттемелердің аяқталуы болып табылады.
2022 жылдың соңына дейін SICAM SAS орталық үйлестіргіштердің SIMATIC S-400 бағдарламалық-логикалық бақылауыштарын МЭК 61850 сәйкес келетін МжәнеБЖ заманауи шешімдеріне ауыстыру жоспарланады. Бұр ретте қолданыстағы Profibus FMS деректерді жеткізу желісі арқылы МжәнеБЖ-ның РҚАҚ МП -мен бірігуі сақталатын болады. Бұл жаңғыртуды Релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру департаменті ұсынды және SIEMENS компаниясы ұсынған ұсыныспен салыстырғанда шығыны аз болып табылады, бұл бір өндірушінің РҚАҚ МП және МжәнеБЖ пайдалану тәуелділігін жоюға, виртуалды машиналарды пайдаланудан бас тартып, өндіруші қолдамайтын операциялық жүйелерді пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді (киберқауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттырады). Сонымен қатар жаңғырту процесінде босаған жабдық қосалқы бөлшектер қажеттілігін уақытша өтейді және қосалқы станцияны болашақта кеңейту кезінде РҚАҚ МП МЭК 61850 қосалқы станцияларды автоматтандыру стандартын пайдала отырып, бірігу мүмкіндігін алады.
Жаңғырту бойынша екі жоба да Smart Grid элементтерін ендіру есебінен ұлттық энергия жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Компания қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылы электрондық құжатайналымы жүйесін ауыстыру жоспарланады. Компанияда ҚР ҰКО ЭЦҚ пайдалану арқылы заң жүзінде маңызды құжаттарды құру және электронды құжатайналымы жүйесін контрагенттермен біріктіру есебінен қағаз құжатайналымын біршама төмендету болжанады. Жаңа жүйені ендіру бірқатар мәселелерді шешеді, мысалы, құжаттарды басып шығару шығындарын жылына 87,2 млн теңгеге төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, компания бизнес-процестерінің көп бөлігін құжатайналымымен қамту, құпия деректердің сақтығын қамтамасыз ету және т.б. Іске асыру мерзімі: 2021 жылдың қыркүйегі.
2020-2021 жылдары компанияда өндірістік қызмет тиімділігін арттыру мақсатында технологиялық жүйелер деректерінің талдауын пайдалану бойынша зерттеу жүргізу жоспарланады. Аталған іс-шараның шеңберінде ЭКЕАЖ көмегімен алынған деректер негізінде электр желілеріндегі ауытқуларды талдау және ауа-райы жағдайларын болжау арқылы электр желілеріндегі жалпы ысырапты 3%-ға қысқарту, сонымен қатар техникалық жай-күйінің негізінде жабдықты қауіптілігі бойынша саралау есебінен авариялық ажырауларды 4%-ға қысқарту мүмкіндігі бағаланатын болады.
«HSE саласындағы бизнес-процестердің талдауы» іс-шарасы бойынша әртүрлі шешімдерді зерттеу және KEGOC-та қолданыстағы корпоративтік есепке алу жүйелеріне сәйкес, өндірістік қауіпсіздікті басқару және қоршаған ортаны қорғау процестерін автоматтандырудың тиімді нұсқасын таңдау жоспарланады.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру туралы 2020 жылғы ІІ тоқсандағы есеп мақұлданды. Есептік кезеңде «KEGOC» АҚ-да бекітілген Бизнесті трансформациялау картасы бойынша барлық жоспарланған бақылау нүктелері орындалды.