«KEGOC» АҚ 16.11.2015 ж. және 07.12.2015 ж. аралығында миноритарлық акционерлерге 2015 жылғы бірінші жартыжылдыққа «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша (KZ1C34930012) дивидендтер төлегені туралы хабарлайды.
«KEGOC» АҚ мен ірі акционер - «Самұрық-Қазына» АҚ арасында жасалған 31.12.2015ж. келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ 2015 жылғы бірінші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ2 199 600 009,40 (екі миллиард жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз мың тоғыз теңге, 40 тиын) теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу мерзімін 31.12.2016ж. дейін ұзартты.
-
2015 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді 2015 жылғы 15 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдады (№2 хаттама).
-
Дивидендтер төленетін кезең - 2015 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы.
-
Бір жай акция үшін дивидендтер мөлшері – 9,40 (тоғыз теңге, 40 тиын) теңге.
-
Дивидендтер түрінде төленуі тиіс құралдардың жалпы сомасы – 2 444 000 000 (екі миллиард төрт жүз қырық төрт миллион) теңге.
-
Дивидендтер түрінде төленген құралдардың жалпы сомасы – 244 399 990,60 (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан теңге, 60 тиын) теңге.
-
«KEGOC» АҚ-ның 2015 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 30 қазандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелді.