Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылғы 26 маусымда өткізілетіні туралы ХАБАРЛАМА

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 мамырдағы шешіміне (№ 5 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру  арқылы шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 

Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді беруді бастайтын күн – 2020 жылғы 22 маусым.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді беруді аяқтайтын күн – 2020 жылғы 25 маусым.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептейтін күн – 2020 жылғы 26 маусым.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2020 жылғы 11 маусым.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы».

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2020 жылғы 16 маусымнан бастап «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» - «2020» бөлімінде таныса алады.  

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және рәсімі:

  • бюллетеньді сырттай дауыс беруге жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер сырттай дауыс беру үшін тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға болып табылатын акционер (акционердің өкілі болып табылатын жеке тұлға) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді  көрсете отырып, қол қоюы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге/Ақпаратты ашу/Жалпы жиналыстар»/ 2020 бөлімінде орналастырылған;
  • заңды тұлға болып табылатын акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) қол қоюы және заңды тұлғаның мөрімен куәландыруы тиіс. Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сенімхаттың немесе акционердің өкілінің өкілеттігін растаушы басқа да құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
  • жеке тұлға болып табылатын акционердің немесе акционердің басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) болып табылатын заңды тұлғаның қолы болмаса, сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) қойылмаса бюллетень жарамсыз болып есептеледі; 
  • бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс;
  • сырттай дауыс беру үшін бюллетень Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайындағы  «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2020 жылғы 25 маусымға дейн почтамен (kegoc@kegoc.kz) немесе қолма қол жеткізілуі тиіс;
  • Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, «KEGOC» АҚ Жарғысымен және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен белгіленген.  

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жауапты +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына жұмыс уақытында хабарласу арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші