Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ ақпараттық күнінде компанияның 2020 жылғы қызметінің нәтижелері айтылды

Онлайн-конференция форматында өткен «KEGOC: IDEAS TO GROW» Бизнесті трансформациялау бағдарламасының кезекті ақпараттық күнінде компанияның бизнес-түрлендірулерін жүзеге асыру нәтижелері айтылды.

Іс-шараға «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев, компанияның ТОП-менеджменті, «Самұрық-Қазына» АҚ Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев қатысты. Тікелей көрсетілімге 3000-нан астам адам қосылды, олардың ішінде компания мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ қордың Орталық трансформациялау командасының басшылығы мен мүшелері, «Қазақстантеміржолы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ ұлттық компанияларының трансформациялау командаларының мүшелері бар.

Бақытжан Қажиев шараға қатысушылардың назарына KEGOC компаниясының өткен жылдағы өндірістік және қаржылық жетістіктерін атап өтті. Компания трансформациялау бағдарламасы шеңберінде белсенді-бейімделген желі – зияткерлік энергия жүйесінің негізін құру саласында бірқатар жобаларды табысты іске асыруды жалғастыруда. Smart Grid құру элементтерінің арасында аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін (ААОЖ), жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін (ЖҚАР), WAMS/WACS синхрофазорлық технологиялар негізінде мониторинг және басқару жүйесін енгізу жөніндегі жобалар бар.

Осы жобаларды енгізу ҰЭТ-тың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, аварияға қарсы басқаруды таңдау үшін нұсқалық есептеулердің үлкен санын орындау қажеттілігін жояды, тұтынушылар мен генерацияны ажыратуға аварияға қарсы автоматиканың басқарушы әсерінің көлемін барынша азайтады, сондай-ақ маневрлік генерацияның қолда бар ресурстарын барынша тиімді пайдаланады, электр энергиясының сапасын және Қазақстан электр станциялары жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді.

 Технологиялар мен үдерістердегі өзгерістерді енгізу ұжымның қолдауынсыз мүмкін емес. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы соңғы зерттеулер KEGOC әкімшілік-басқару персоналы арасында трансформациялау бағдарламасын қолдайтынын көрсетіп отыр, яғни 70% – ды, ал өндірістік персонал арасында 74% - ды құрады. Бұл осы секілді бағдарламаларды іске асырып жатқан ұлттық компаниялар арасындағы жоғары көрсеткіш, - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

KEGOC-та Бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске асырылған бес жылдың көлемінде 18 жобаның 8-ін іске асыру сәтті аяқталды. Жобалар мен іс-шаралардың бір бөлігі аяқталып, операциялық қызметке берілді, бір бөлігі белсенді іске асыру сатысында тұр.

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі Бас директоры Хабибулла Қазиев атап өткендей, бағдарламаның мақсат-міндеттері компанияны дамытудың басты стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Тұтастай алғанда, 2016-2019 жылдар кезеңінде Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілді:

  • шығындарды оңтайландыру есебінен компания 23 млрд. теңге көлемінде таза пайда алды;
  • компанияның 2000-нан астам қызметкері оқудан өтті;
  • процестердің реинжинирингі жүргізілді, басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында процестік басқару жүйесін (ПБЖ) енгізу туралы шешім қабылданды, бүгінгі күні 8000 мыңға жуық нысаналы бизнес-процестер сипатталды;
  • ИТК кешенін дамыту стратегиясы қабылданды. Бағдарламаны іске асыру барысында 15 ақпараттық жүйе енгізілді немесе енгізілуде.

Конференция барысында жиналған қауымға жобалар мен іс-шаралардың демеушілері Мұқтар Бекенов (БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін енгізу), Жандос Нұрмағанбетов (WACS/WAMS синхрофазорлық технологиялары негізінде мониторинг және басқару жүйесін енгізу), Төлеген Сафуани («Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы және «АТ-шығындарды қысқарту», «KEGOC деректер аналитикасы» іс-шаралары), Айбек Ботабеков (Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін енгізу), Жаңабай Бексары (Тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру), Ермаханбет Атақұлов (HSE бизнес-процестерін автоматтандыру және компаниядағы COVID-19 бойынша жағдай) жоғарыда аталған сегіз жоба туралы және трансформация шараларының артықшылықтары мен алынған пайдалары туралы толығырақ айтып берді.

Компанияның өндірістік филиалдары мен еншілес ұйымдарында Бизнесті трансформациялау бағдарламасының бастамаларын ілгерілету мақсатында 2016 жылғы ақпаннан бастап KEGOC-та Бизнесті трансформациялау бағдарламасының агенттер пулы құрылған болатын, ол шамамен 5 жыл бойы түрлі көмек көрсетіп келді және өзгерістерді бір ауыздан қолдайды. Агенттер пулы алдында тұрған мақсат-міндеттер жайында «Шығыс ЖЭТ» филиалы директорының орынбасары Сәкен Қалабаев айтып берді.

Ағымдағы жылы агенттер пулы «Энергоинформ» АҚ және «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС еншілес ұйымдарының өкілдерімен, сондай-ақ ЖЭТ филиалдарының аумақтық электр желілері мен қосалқы станциялары басшыларының қатарынан екінші деңгейдегі агенттермен толықты. Қазіргі уақытта компания және еншілес ұйымдар бойынша екінші деңгейдегі агенттер пулында 157 агент бар. Компанияның трансформациялау командасымен бірлесіп, олар өндірістік персоналдың жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы хабардар болу және хабардар болу деңгейі туралы сауалнама жүргізді, оның нәтижелері, тұтастай алғанда, өндірушілер арасында трансформациялау бағдарламасының бастамаларын хабардар ету мен қолдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 58%-ы қызметтің тиімділігін арттыру идеяларын ұсынуға дайын екендігін, көпшілігі (41%) мұны қалай жасау керектігін білмейтін болып шықты. Осыған байланысты өзгерістер агенттерінің алдында жергілікті жерлерде бизнес-идеяларды тұрақты және сапалы жинау процестерін жолға қою міндеті тұр.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ойлау дизайны бойынша кәсіби коуч, «Нейрошторм» халықаралық консалтингтік агенттігінің директоры – Давид Тугановты жаңа идеяларды қалыптастыру дағдыларын үйрету дәрісін өткізу үшін шақырғаны кездейсоқ емес. Ол ішкі әлеуетті ашуға және ұжымдағы шығармашылық жұмыстың жаңа және тиімді түрлерін жандандыруға көмектесетін жұмыс әдістері туралы қызықты мастер-класс өткізді.

KEGOC-та ақпараттық күндер жыл сайын өткізіледі және компания басшылығы мен қызметкерлері арасындағы коммуникацияның маңызды құралы болып табылады. Қол жеткізген нәтижелермен бөлісу және алдағы жоспарларды түсіндіру Трансформациялау бағдарламасына деген барлық мүдделі тұлғалардың қызығушылығын артырады және компанияның қайта құру бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етеді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс