Баспасөз хабарламалары

2021 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы жоспарлы жария тыңдалымның болмайтыны туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 23.07.2021 жылғы № 24-21-10-6119 хатына сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 29 шілдеге жоспарланған 2021 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтер сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы есеп бойынша жария тыңдалымның болмайтынын хабарлайды.

Соған қоса, Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес, тарифтер бөлімінде 2021 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша есеп материалдары орналастырылды. Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың сұрақтары болған жағдайда оларды қарастыруға және жауап беруге дайын екенімізді хабарлаймыз


Тізімге қайту