Баспасөз хабарламалары

Автоматика еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының тізбектеле ажыратылуын болдырмауға мүмкіндік берді

2021 жылғы 9 тамызда сағат 18:37-де Қазақстанның шығыс бөлігіндегі қатты соққан шаңды дауыл салдарынан 500 кВ «Семей-Ақтоғай» әуе желісі релелік қорғаныс әрекетімен ажыратылды.

Апаттың тізбектеле дамуын болдырмау мақсатында жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасы іске қосылды. 

Сағат 18:56-да электр желісінің бастапқы кестесі қалпына келтірілді. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс