Баспасөз хабарламалары

2021 жылдың II тоқсанындағы KEGOC Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру нәтижелері қаралды

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында 2021 жылдың II тоқсанындағы Бизнесті трансформациялау бағдарламасының орындалуы бойынша Есеп қаралды.

Қатысушылар Трансформациялау бағдарламасын орындаудың ағымдағы дәрежесі туралы, «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жол картасының бақылау нүктелерін іске асыру туралы, сонымен қатар 2021 жылғы II тоқсанда Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асырудан түсетін пайдаға қол жеткізу туралы ақпаратпен танысты.

2020-2023 жылдарға арналған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының бекітілген Жол картасына сәйкес, қазіргі уақытта барлық жоспарланған бақылау нүктелері орындалды. AРЧМ қабылдау актісіне қол қойылды және жүйе пайдалануға берілді. «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы бойынша технологиялық желідегі қалыптан тыс жағдайларды анықтау бойынша жүйе тестіленді. Процестік басқару жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстар шеңберінде «REVEX жобаларын басқару» стандарты әзірленіп, бекітілді және «KEGOC» АҚ-да REVEX жобаларын іске асыру» регламенті жаңартылды. «Қосалқы станциялардың АТҚ-сын жарықтандыруды автоматтандыру» іс-шарасы бойынша сатып алулар өткізілді, қозғалыс датчиктерін жеткізуге шарттар жасалды.

2021 жылғы 24 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және компания менеджментінің қатысуымен электр энергетикасындағы өзекті проблемаларды және әлемдік трендтер мен электр энергетикасындағы даму үрдістерін талқылау бойынша брейнсторминг-сессия өтті.

«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалының бас диспетчері Бекжан Мұқатов электр энергетикасы саласының ағымдағы жай-күйіне, Қазақстандағы электр энергиясы мен қуаты нарығының моделіне, электр энергетикасындағы негізгі проблемалар мен сын-тегеуріндерге қатысты таныстырылымды ұсынды. Сонымен қатар «KEGOC» АҚ Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментінің директоры Дана Тоқубаева электр энергетикасы, энергиялық ауысу және төмен көміртекті даму саласындағы әлемдік трендтер мен даму үрдістері бөлігінде таныстырылым ұсынды. Қатысушылар электр энергетикасы саласын және компанияны энергиялық ауысу, төмен көміртекті даму және отандық электр энергетикасын трансформациялау бөлігінде одан әрі дамыту пайымын талқылады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс