Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ тұтынушыларға электр энергиясын шектеуге байланысты жағдайды түсіндіреді

Кейбір аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында шындықты бұрмалайтын және өкінішке орай жекелеген республикалық интернет-порталдарда өрбіген хабарламалар пайда болды. Атап айтқанда, 2021 жылғы 18 қазанда республикалық жаңалықтар сайты Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетіне сілтеме жасай отырып, «Жамбыл электр желілері» ЖШС «KEGOC» АҚ тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының ауылдарында электр энергиясын тұрақты түрде ажырататыны туралы хабарлады.

Осыған байланысты «KEGOC» АҚ қазіргі уақытта цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушылардың тұтынуының күрт өсуіне (1000 МВт-тан жоғары) және электр станцияларында апаттылықтың артуына байланысты Қазақстан БЭЖ-інде қуатты тұтыну шамасының оны өндіру шамасынан асып кетуі орын алғанын тағы да хабарлайды.

«KEGOC» АҚ-ның шұғыл түрде қабылданған шаралары мен көршілес энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл бойынша жүргізген жұмысының нәтижесінде энергия жүйесіндегі жағдай біршама тұрақталды.

Қазақстан Республикасы электр станцияларының генерацияны төмендетуі кезінде тұтынушыларды шектеуді талап ететін жағдайларды барынша азайту үшін Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ-мен бірлесе отырып, тұтынушылардың электр энергиясы мен қуатына қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды әзірледі. Іс-шаралар тұтынушыларды ажырату тәуекелінің алдын алу үшін электр станциялардың авариялық істен шығатын генерацияны алмастыру міндетін көздейді (2021 жылғы қазан айының соңында қолданысқа енгізіледі). Нормативтік құқықтық актілердің бұл нормалары тұтынушыны электр станцияларындағы апаттардан туындаған тапшылық себебінен ажыратудан қорғауға арналған. Сондай-ақ, бұл станцияларда жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге ынталандырады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар жеткіліксіз болса және тұтынушыларды шектеуді енгізу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің қосымша түзетулері арқылы цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушыларды бірінші кезекте шектеу көзделеді.

Сондай-ақ, KEGOC қарапайым тұтынушылар компанияның желілеріне қосылмағанын хабарлайды. Халыққа электр энергиясын «KEGOC» АҚ активтерінің құрылымына кірмейтін және өздеріне келіп түсетін электр энергиясын өздері бөлетін және тұтынушылар бойынша шектеулерді енгізудің атаулылығын айқындайтын өңірлік электр желілік компаниялар жеткізеді.

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс