Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталды

Еліміздің басты мейрамы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы мен тілдер күніне орай, «KEGOC» АҚ орталық аппарат мен филиалдар қызметкерлері арасында ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін бейнероликтер түсіруге онлайн-конкурс жарияланған болатын. Конкурсқа «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы мен Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының бірлескен командасы, және өңірлік Ақмола ЖЭТ, Алматы ЖЭТ, Ақтөбе ЖЭТ, Батыс ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ, Орталық ЖЭТ, Шығыс ЖЭТ сынды филиалдарынан құрылған 8 команда қатысты. Байқауға қатысушылар шығармашылық ізденіске толы, ұлттық дәстүрлерді ұлықтайтын бейнероликтер түсіріп, арнайы құрылған қазылар алқасының назарына ұсынды.

Қазылар алқасында «Қазтест» жүйесінің авторы Айдос Абдыхалық, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы аппаратының бас сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты Асылжан Төрениязова, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Журналистика және политология факультетінің аға оқытушысы, журналист, телепродюсер, PhD Алма Сайлауқызы бар. Қазылар тарапынан бейнероликтерге өте жоғары баға берілді.

Сонымен, байқау нәтижесі бойынша үшінші орын «Көрісу» мерекесін «Тұсау кесер» дәстүрімен өрнектеген «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасына берілсе, екінші орын «Қыз ұзату» дәстүрін бейнелеген «Сарыбай ЖЭТ» командасына берілді. Ал жүлделі бірінші орынды Атқарушы дирекциясы мен ЖО ҰДО филиалы қызметкерлері әзірлеген «Тұсау кесер» мен «Бесікке салу» тақырыбындағы бейнеролик жеңіп алды.

Сондай-ақ, Сондай-ақ, 5 команданың да шығармалары арнайы номинациялар бойынша ерекше деп танылып, сый-сияпаттар көрсетілді:

«Өнер тарландары» номинациясы – «Алматы ЖЭТ» филиалының «Апорт» командасына;

«Жүрегі өнермен өрілген топ» номинациясы – «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының командасына;

«Әдемілік пен әдептілік үлгісі» номинациясы – «Батыс ЖЭТ» командасына;

«Сәлем – сөздің анасы» номинациясы – «Орталық ЖЭТ» филиалының командасына;

«Талап – талмас қанат» номинациясы – «Шығыс ЖЭТ» филиалы командасына;

«Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы – «Алматы ЖЭТ» командасының қызметкері Сұлтанғазы Дәуренге;

«Күміс көмей әнші» номинациясы – «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының маманы Айгерім Мырзағалиеваға;

«Дарабоз дарын» номнациясы – «Орталық ЖЭТ» филиалының инженері Алмат Қордабаевқа бұйырды.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс