Баспасөз хабарламалары

ҚР БЭЖ-індегі 2021 жылғы 20 қарашадағы ағымдағы жағдай туралы

2021 жылғы 19 қарашада Екібастұз ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт №5 блок авариялық ажыратылды, ал ағымдағы жылғы 20 қарашада осы станцияда қуаты 500 МВт №8 блок авариялық жөндеу жүргізу үшін тоқтатылды .

Осыған байланысты «KEGOC» АҚ, осы блоктардың авариялық істен шығуы себебінен 2021 жылғы 20 қарашада ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде генерация көлемі 1000 МВт-қа төмендегенін, бұл Қазақстанның БЭЖ-індегі қуат тапшылығының 1500 МВт-тан астам шамаға дейін өсуіне әкелгендігін хабарлайды .

Қалыптасып отырған жағдай Ресейдің энергетикалық жүйесімен шекарадағы қуаттың жол берілмеуі тиіс ауытқуларына, жүйелік апат қаупі бар мемлекетаралық электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін.

ҚР БЭЖ-інде генерацияны төмендету салдарын барынша азайту және жүйелік авариялардың алдын алу үшін «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің келісімі бойынша өңірлік электр желілік компаниялармен бірлесіп, өнеркәсіптік тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеуді жүргізетін болады. Шектеулерге түсетін тұтынушылардың тізбесі жергілікті атқарушы органдармен келісілді.

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс