Баспасөз хабарламалары

ҚР БЭЖ-інің оңтүстік аймағын электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгені жөнінде

«KEGOC» АҚ Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік аймағын электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгені туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта ұлттық электр торабының қалыпты схемасы толығымен орнына келді. Қырғызстан және Өзбекстанның энергожүйелерімен қатарлас жұмыс қалпына келтірілді.

Сағат 15:50-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) «Қазфосфат» ЖШС мен «ТМЗ» ЖШС-ны қоспағанда, Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша тұтынушыларға қойылған электрмен жабдықтауға қатысты шектеулер толығымен алынып тасталды.

20:41-де Жамбыл облысын қоса алғанда, оңтүстік аймақ бойынша барлық шектеулер толығымен алынып тасталды. Қазақстанның бірыңғай энергожүйесі қалыпты режимде жұмыс істеуде.

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс