Баспасөз хабарламалары

Электр желілерін зақымдағаны үшін «КазИнженерСтрой» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ҚС 10 кВ кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММкеліп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «КазИнженерСтрой» ЖШС 2021 жылдың 24қарашасындажер жөндеу жұмыстары кезінде Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолы бөлігінде ТЖТҚС-15- тен ТЖТҚС-11-ге дейінҚС-10 кВ электр кабелін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243,245 тармақтарын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiргеніүшін «КазИнженерСтрой» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабының2-бөлімібойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс