2021 жылғы 21 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Компанияның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Даму стратегиясы «KEGOC» АҚ-ның 10 жылдық кезеңге арналған Пайымы, Миссиясы және стратегиялық даму бағыттары айқындалған ұзақ мерзімді стратегиялық құжаты болып табылады.
Даму стратегиясы Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсатында қабылданды, ол энергетикалық ауысу мен ЖЭК-ті энергетикалық жүйеге интеграциялауға байланысты жаһандық трендтердің әсерін, Қазақстанда орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуаты тапшылығының туындауы жөніндегі мәселелерді шешу қажеттілігін, қазіргі заманғы инновациялық және цифрлық технологияларды енгізуді, ҒЗТКЖ-ны, ESG қағидаттарын ұстануды ескереді, экономиканы декарбонизациялаумен және елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етумен байланысты процестерді қамтиды.
«KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.kegoc.kz/ru/about/strategiya-razvitiya/