«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (14.02.2022ж.) «КЕGOC» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Э.Б.Қонақбаева компания басқармасының мүшесі болып сайланды. Бұған дейін стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор Жандос Нұрмағамбетовтің өкілеттігін өз еркімен тоқтатуына байланысты «КЕGOC» АҚ басқармасы құрамында бос лауазымдық орын пайда болды.
Эльвира Қонақбаева 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап «КЕGOC» АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарып келеді, жоғары экономикалық білімі, халықаралық аудиторлық және консалтингтік компанияларда он бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры лауазымын атқарды.
Э.Б.Қонақбаеваның KEGOC-та жетекшілік ететін мәселелеріне даму стратегиясы, тұрақты, корпоративтік, технологиялық даму, ҒЗТКЖ мен инновация, бизнес-процестерді цифрландыру мен жетілдіру кіреді.
Э.Б.Қонақбаеваның өмірбаянымен толығымен осы жерде таныса аласыздар.