Баспасөз хабарламалары

«Орталық ЖЭТ» филиалы «KEGOC» акционерлік қоғамындағы өндірістік қауіпсіздікті сақтау бойынша үздік филиал болып танылды

Компанияда жүйеаралық электр тораптары (ЖЭТ) арасында өткізілген 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Өндірістік қауіпсіздікті сақтау бойынша үздік филиал» байқау-конкурсының жеңімпазы болып «Орталық ЖЭТ» танылды.

Аталған байқау-конкурсы жыл сайын өткізіледі.

Конкурс қорытындылары «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалында (Шымкент қаласы) Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Жазықбаевтың төрағалығымен өткен көшпелі семинар-кеңес барысында жарияланды. Семинарға Еңбекті қорғау департаментінің директоры Қ.М. Аяпбергенов, Пайдалану департаментінің директоры Б.П. Арыстанов, ЖО ҰДО директоры Е.Т. Шынасылов, ЖЭТ филиалдарының бас инженерлері және ЖЭТ филиалдарының ЕҚ және ӨҚҚ басшылары қатысты.

Кеңес шеңберінде 500 кВ «Шымкент» ҚС персоналы қатысушыларға ЭА- 220 кВ «ОВ» ұяшығында жұмыс орнын дайындау процесін көрсетті. Сондай-ақ, жұмыс тобын дайындалған жұмыс орнына өткізу тәртібі және сақтандырғыш бауды қолдана отырып, биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс