Баспасөз хабарламалары

KEGOC «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі алдында есеп берді

         «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы есепті тыңдады. Кездесуге қатысушылар өткен жылғы нәтижелермен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне «Энерготехкәсіподақ» салалық кәсіподақ ұйымының қызметі, комплаенс функциялары және т.б. бағыттар туралы ақпарат ұсынылды.

             «KEGOC» АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева «KEGOC» АҚ 1997 жылы құрылған күнінен бастап мемлекеттің ең басты электр энергетикалық активтерінің бірі болып табылатыны және ұлттық экономиканы дамытуға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Жүйелік оператор ретінде «KEGOC» АҚ Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқару және еліміздің тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

         Компания өкілінің ақпараты бойынша соңғы үш жылда өндірістік көрсеткіштердің де, қаржылық көрсеткіштердің де өскені байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі мынадай: желілер арқылы 54,65 млрд.кВт∙сағ. электр энергиясы жеткізілді, немесе 2020 жылғы көлемнен 18,4%-ға көп. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд. теңгені құрады. 2022 жылы 42,2 млрд. теңге мөлшерінде дивидендтер төленеді деп жоспарлануда.

         Қазіргі уақытта тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтауды және Қазақстан БЭЖ-дің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ бірқатар ірі инвестициялық жобаларды, соның ішінде, «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-лерін реконструкциялау», «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желілерін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобаларын іске асыруда. «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту» жобасы аяқталу сатысында тұр. Жаңа 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясын іске қосу ағымдағы жылдың жазына жоспарланды.  

         Іс-шара барысында қоғамдық кеңестің мүшелері компаниядағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, қызметкерлердің әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру, еңбекті қорғау мәселелерімен, Компанияның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясының іске асырылу барысымен, Компанияның ІРО-ға шығарылған сәтінен басталған нарықтық құнымен танысты. Сонымен қатар, компания өкілдері Ұлттық электр торабын дамытудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған болжамды моделін әзірлеуге кірісіскенін хабарлады.

Қоғамдық кеңестің тыңдауларды өткізу мақсаты Қордың ұлттық компаниялар тобы қызметінің ашықтығы мен есеп берушілігін арттыру болып табылады. Тыңдау аясында алынған кері байланыс компаниялардың осы бағыттардағы қызметін жақсартуға көмектесетін болады.   


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс