Баспасөз хабарламалары

2022 жылғы 18 шілдеде сырттай дауыс беру арқылы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілгені туралы ХАБАРЛАМА

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі –«KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 15 маусымдағы шешіміне сәйкес (№ 6 хаттама) сырттай дауыс беру арқылы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы кезектен тыс шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсыну басталатын күн – 2022 жылғы 11 шілде.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсыну аяқталатын күн – 2022 жылғы 15 шілде.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2022 жылғы 18 шілде.

Акционерлердің жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2022 жылғы 23 маусым.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның оған тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.   

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі туралы».

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен 2022 жылғы 2 шілдеден бастап «KEGOC» www.kegoc.kz корпоративтік сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлер» - «Жалпы жиналыс» бөлімінде таныса алады.

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен рәсімдері:

- сырттай дауыс беру үшін бюллетеньді жіберу арқылы дауыс берген акционерлер тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акцияларының санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының біреуін таңдауы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға болып табылатын акционер (жеке тұлға болып табылатын акционердің өкілі) осы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып, қол қоюы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ корпоративтік сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге»/«Ақпаратты ашу»/«Жалпы жиналыстар» бөлімінде орналастырылған;

- заңды тұлға болып табылатын акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетень басшының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылған және заңды тұлғаның мөрі басылған болуы тиіс. Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі;

- жеке тұлға болып табылатын акционердің немесе заңды тұлға болып табылатын акционердің басшысының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылмаған, сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз болып есептеледі;

- бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2022 жылғы шілденің 4-інен бастап 12-сіне дейін почта (kegoc@kegoc.kz) арқылы алынуы немесе қолма қол жеткізілуі тиіс.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс