Баспасөз хабарламалары

KEGOC KASE алаңында Эмитент күнін өткізді

«KEGOC» АҚ эмитент күнін гибридті форматта (онлайн-оффлайн) өткізді, оның барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері компания қызметінің нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, 2021 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.

Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаева «KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқару және елдің тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша сапалы жұмысты жүзеге асыратынын атап өтті.

Соңғы үш жылда өндірістік те, қаржылық та көрсеткіштердің өсуі байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 54,65 млрд.кВтс құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18,4% - ға артық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд.теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд. теңгені құрады.

Айгүл Әкімбаеваның айтуынша, 1997 жылы құрылған сәттен бастап «KEGOC» АҚ мемлекеттің негізгі электр энергетикалық активтерінің бірі болып табылады және ұлттық экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда.

         Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін және Қазақстан БЭЖ-ін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» компания филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау», «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу.» жобалары бар. «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту» жобасы аяқталу сатысында тұр, оның шеңберінде ағымдағы жылдың жазында жаңа 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясын іске қосу жоспарлануда.

2014 жылы IPO - ға шыққан сәттен бастап компания жалпы сомасы шамамен 188 млрд.теңге дивидендтер төледі, оның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша-35,2 млрд. теңге, бұл бір акцияға есептегенде 135,6 теңгені құрайды. Дивидендтердің қорытынды төлемдерінің мөлшері 2014 жылғы 8,6 млрд.теңгеден 2020 жылы 39,5 млрд. теңгеге дейін немесе 4,6 есеге көбейді.

KEGOC акционерлерге жылына 2 рет дивиденд төлейді. Бұл ретте эмитенттің қолданыстағы заңнамасы, жарғысы және дивидендтік саясаты дивидендтерді төлеуге есептік кезеңдегі таза кірістің 100% - на дейін жіберуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

«KEGOC акциялары жоғары өтімділік үрдісін және өсу тұрақтылығын көрсетті. Халықтық IPO іске қосылған сәттен бастап компания акцияларының жиынтық нарықтық құны 370% - ға немесе 131 млрд. теңгеден 486 млрд. теңгеге дейін өсті, осылайша акционерлердің табыстылығы артты» - деп спикер атап өтті.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар компанияның алдағы жоспарларымен, атап айтқанда Ұлттық электр торабын дамытудың 2035 жылға дейінгі болжамды моделін әзірлеу жөніндегі жоспарларымен, сонымен қатар ЖЭК-тің өсіп келе жатқан көлемдерін энергия жүйесіне қауіпсіз ықпалдасуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен танысты.

         Эмитент күнін өткізудің мақсаты компанияның 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты ашу, іске асырылып жатқан және перспективалық жоспарлармен танысу, сонымен қатар акциялардың нарықтық құны бөлігінде ақпарат беру екендігі атап өтілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс