Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті

18 шілдеде сырттай нысанда өткізілген «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамы өзгерді.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ тәуелсіз директоры Бекенов Жанбота Темірғалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бос лауазымға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейін Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор ретінде «KEGOC» АҚ Суентаев Дамир Серкбайұлы сайланды.

Дамир Суентаевтың экономика, заңтану, басқару саласында жоғары білімі және отандық компаниялардың директорлар кеңестері құрамында жұмыс тәжірибесі бар.

2021 жылы Дамир Суентаев Chartered Director (расталған директор)- Ұлыбритания Директорлар институтының жоғары кәсіби дәрежедегі иегері атанған бірінші қазақстандық болды.

Д. Суентаев Президенттік жастар кадр резервінің құрамында және «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ президенті.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс